«Эйр Астана» АҚ және «Scat» авиакомпаниясы» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеп-тексеру басталды

«Эйр Астана» АҚ және «Scat» авиакомпаниясы» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеп-тексеру басталды

  Азаматтық авиация қызметтері нарығында баға белгілеу практикасын зерделеу мақсатында ҚР ҰЭМ-нің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті «Эйр Астана» АҚ және «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері, авиабилеттерге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша тергеп-тексеру жүргізуге бастамашылық етті.
   Тергеп-тексеру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шағымы негіз болды.
 Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша авиабилеттерге қолданылатын бағалардың негізділігі бағаланады.