Сот монополияға қарсы тергеп-тексеру объектісінің аумағына жібермеу фактісі бойынша іс жүргізуді тоқтатты

Сот монополияға қарсы тергеп-тексеру объектісінің аумағына жібермеу фактісі бойынша іс жүргізуді тоқтатты

    Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен «Бипэк АВТО Қазақстан» АҚ-на қатысты монополияға қарсы органның қызметкерлерін тергеп-тексеру объектісі «ГАЗ-СЕРВИС АВТО» ЖШС орналасқан үй-жайға жібермеу фактісі бойынша әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды. Сот өз шешімін тергеп-тексеру объектісі (заңды тұлға) емес, оның қызметкері кедергі жасағанын дәлелдеген. Осындай пікірде прокуратура органдары да қалды.
   Өз кезегінде монополияға қарсы орган осы шешіммен келіспейді, Жоғарғы сотқа тиісті өтінішхат дайындалуда.