
Өткен аптада КАЗГЮУ-де «Бәсекелестік құқығы» бағдарламасы магистранттарының бірінші ағыны үшін «Бәсекелестік құқығы» магистрлік білім беру бағдарламасының ресми ашылуы және «Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік құқық және саясат» оқу құралының тұсаукесері өтті. Жаңа оқу құралын Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің жалпы редакциясымен халықаралық авторлар ұжымы әзірледі. Оқу құралына алғы сөзді Мемлекет басшысы жазды, ол 2020 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлықпен Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу және проактивті бәсекелестік саясатты енгізу Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің басым бағыты деп жарияланғанын атап өтті.
Іс-шара гибридті режимде өтті, офлайн магистранттар, оқу құралының авторлар ұжымы, Жоғарғы Сот судьясы Гүлжан Әлмағамбетова, Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығының басшылары, онлайн - Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан шетелдік монополияға қарсы ведомстволарының, ЕЭК басшылары, БРИКС Халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығының сарапшылары және бьасқалар қатысты.
КАЗГЮУ Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттің бәсекелестік саясатты жүзеге асыруында «Бәсекелестік құқығы» магистрлік білім беру бағдарламасының рөлін атап өтті. Оқц бағдарламасы, оның мазмұны мен артықшылықтары туралы оқу бағдарламасының басшылары Абай Абылайұлы және Қамбар Омаров әңгімеледі.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин тұсаукесерге қатысушыларды монополияға қарсы заңнаманың даму тарихымен және Қазақстан нарықтарын монополияландырудағы қазіргі ахуалды таныстырды, ол жоғары оқу орындарында бәсекелестік құқығы мамандарын дайындау еліміздегі бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі екенін атап көрсетті.
Іс-шара соңында оқу құралының авторлары магистранттарға білім жолында сәттілік тілей отырып кітаптар табыс етті.