
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік сатып алу порталы жұмысының техникалық жағына байланысты мәселелер қаралды.
Отырыс қатысушылары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алатынын атап өтті:
1) өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
2) банктік кепілдік;
3) өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
Өнім беруші «электрондық әмиянды» таңдағанда, қажетті кепілдік сомасы бұғатталады.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нормаларына сәйкес оның орындалуын қамтамасыз ету сомасын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін.
Сонымен қатар, шарттық міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау кезінде өнім берушінің оны растауға техникалық мүмкіндігі жоқ, өйткені порталда ондай функционал жоқ. Осылайша, шарт бойынша өз міндеттемелерін жедел орындаған адал өнім берушілер электрондық әмияндарын толтыруға мәжбүр.
Одан басқа, Қағидалардың 510-тармағына сәйкес бірыңғай оператор өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ол бұғаттаған шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім берушінің электрондық әмиянына қайтаруды автоматты түрде бұғаттайды және жүзеге асырады.
Бірақ іс жүзінде қайтару тапсырыс беруші тарапынан шарт бойынша «орындалды» мәртебесін алғаннан кейін ғана, 30 және одан да көп күн ішінде жүзеге асырылады.
Осы уақыт ішінде қамтамасыз ету сомасы қатып қалады, бұл өнім берушілердің қаржылық мүмкіндіктеріне теріс әсер етеді және айналым қаражатының едәуір азаюына әкеледі, басқа шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындау процесін қиындатады.
Осы мәселе жекелеген жеткізушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін кедергілер туғызуы мүмкін екендігін назарға ала отырып, Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері осы мәселені Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп одан әрі шешу мақсатында Республикалық кедергілер картасына енгізу үшін Агенттікке жіберу туралы шешім қабылдады.
ашық көздерден алынған фотосурет