БҚДА ТАУАРЛАРДЫ ІРІ ӨНДІРУШІЛЕРМЕН ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУШІЛЕРМЕН КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗЕДІ

БҚДА ТАУАРЛАРДЫ ІРІ ӨНДІРУШІЛЕРМЕН ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУШІЛЕРМЕН КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗЕДІ

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, электр тұрмыстық техникаға, құрылыс материалдарына және тауарлардың өзге де топтарына бағаның өсуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ірі өндірушілермен және жеткізушілермен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан консультациялық кездесулер өткізеді.

Кездесулер қорытындылары бойынша нарыққа қатысушылар үшін жосықсыз мінез-құлыққа және негізсіз баға белгілеуге жол бермеу туралы тиісті ұсынымдар әзірленетін болады.

Сатушылардың экономикалық тұрғыдан негізсіз алыпсатарлық әрекеттеріне, жасанды тапшылық жасауға жол берілмейтінін және монополияға қарсы орган олардың жолын кесетінін қосымша атап өтеміз.