
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысы білім беру басқармасының мемлекеттік мекемелеріне Павлодар және Ақтоғай ауданының білім беру бөлімдеріне бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері бойынша хабарлама шығарды.
Хабарлама шығаруға Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің атына келіп түскен «IT Perfect» ЖШС-ның мемлекеттік органдар тарапынан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттерге қатысты өтінішінде баяндалған мәліметтерді талдау негіз болды. Белгілі болғандай, мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған сатып алу жоспарына сәйкес Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ, «Ақтоғай ауданының білім беру бөлімі» ММ ашық конкурс өткізбей, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен бұлтты сервис қызметтерін сатып алуды жүзеге асырған.
Бұлтты қызметтер - бұл клиенттерге интернет арқылы қажетті дерекқорды пайдалануға мүмкіндік беретін серверлер желісі. Бұлтты қызметтер жеке кәсіпкерлер мен стартаптардан бастап мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық корпорацияларға дейінгі кез келген бизнеске жарамды. Осы қызметтер нарығында зияткерлік меншік құқығы бар бірнеше кәсіпорын болуы мүмкін.
Павлодар облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті Кәсіпкерлік Кодексінің 199-бабының нормаларын басшылыққа ала отырып, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ-ға, «Ақтоғай ауданының білім беру бөлімі» ММ-ға олардың әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерінің болуы және оларды ашық конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру жолымен жою қажеттігі туралы хабарлама шығарды.
ашық көздерден алынған фотосурет
Хабарламаны орындау мерзімі – оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн. Хабарлама орындалмаған немесе толық көлемде орындалмаған, монополияға қарсы департамент белгілеген оның орындалу мерзімдері бұзылған жағдайда тергеп-тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады.