ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ІРІ САУДА ЖЕЛІЛЕРІМЕН АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ІРІ САУДА ЖЕЛІЛЕРІМЕН АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

2022 жылғы 2 наурызда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті доллар бағамының күрт өсуі аясында «Атриум» ӨКФ ЖШС («Рубиком», «Атриум», «Мирас», GREENWICH супермаркеттері), «Скиф Трейд» ЖШС («Small» супермаркеті), «Низкоцен» («INMART» супермаркеті), «Идеал Маркет» («Лидер» супермаркеті), «Техноснаб ПВ» ЖШС («Ваш магазин» супермаркеті), «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС («МЕТРО» сауда оталығы)  өңірдің ірі сауда желілерінің өкілдерімен азық-түлік тауарларын өткізу нарығындағы бағаның ағымдағы жағдайы бойынша Open Space форматында жедел кеңес ұйымдастырды.

Кеңес барысында азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағалары, олардың өсуіне әсер ететін себептер талқыланды.

Сауда желілерінің өкілдері бөлшек сауда бағасы өндіруші- жеткізушілерден сатып алуға байланысты екенін атап өтті. Олар өнімдердің сату бағасы рұқсат етілген 10-15%-дан аспайды деп сендірді

 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Павлодар» ӘКК» АҚ-ның сауда желілеріне төмендетілген бағамен сататын қорлары құрылды, сондай-ақ түрлі жеңілдіктер бар.

Кеңеске қатысушылар жергілікті өнім беруші-өндірушілерде өнім болмаған жағдайда, сатып алу басқа өңірлерден (көкөністер, жемістер), елдерден (импорт) жүзеге асырылатынын, бұл тиісінше өткізу бағасына әсер ететінін атап өтті.

 Сондай-ақ, олар Павлодар облысының азық-түлік өнімдеріне, әсіресе өңірде өндірілетін және өсірілетін өнімдерге қажеттілігін жыл сайын талдау туралы мәселені қарауды ұсынды. Бұл облыстағы жергілікті азық-түлік өнімдеріне қажеттіліктің қажетті көлемін қалыптастыру үшін, ал артығын ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз қалауы бойынша сату үшін қажет.

 Монополияға қарсы департаменттің өкілдері кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға мүмкіндігінше азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, сондай-ақ тиісті тауар нарығында нарық субъектілерінің адал бәсекелестік саясаты мен ережелерін айқындайтын монополияға қарсы комплаенс жасау ұсынысымен жүгінді.