
2019 жылы 16 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МАӘС-тің «Sunkar Industries» ЖШС-ны сауда-саттықта бағаларды ұстап тұру, 27 конкурстың (оның ішінде АШМ, МҚІА, ҰЭМ, ЦДИФӨМ, СК Фармация, Қаржымині, ҚСАЕК, ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы және т.б. мемлекеттік сатып алу шеңберінде) қорытындысын бірлесіп бұрмалау бөлігінде мемлекеттік сатып алудағы картельдік сөз байласуға қатысуға кінәлі деп тану туралы қаулысы жарияланды.
Бұрын, осыған ұқсас қаулылар осы сөз байласудың қалған екі қатысушысы «MMS Group» ЖШС (2019 жылғы 9 қыркүйек) және «TuMen Technologies» ЖШС-ға (2019 жылғы 12 қыркүйек) қатысты жарияланды.
Сот салған айыппұл санкцияларының жалпы сомасы (айыппұл және монополиялық кіріс) 39,7 млн.-нан астам теңгені құрады.
Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.