
Жуалы ауданы мектептерінің оқушыларын тамақпен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуда екі жеке кәсіпкердің іс-әрекетіне қатысты келіп түскен кәсіпкердің өтінішін қарау шеңберінде Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департамент катрелдік сөз байласу белгілерін қарастырды.
Мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу барысында 2021 жылғы қарашада 6 972 991 теңге сомасына жарияланған конкурс он сегіз лотқа бөлінгені анықталды. Он сегіз лоттың ішінен "Аяна" ЖК он лотқа қатысып, барлығында жеңімпаз деп танылды. Қалған сегіз лотқа "Тұяқбаева Ж.Ш." ЖК қатысып, барлық сегіз лот бойынша жеңімпаз атанды. Екі кәсіпкер де олардың біреуі қатысқан лоттарға қатыспаған.
Анықталған фактілер негізінде монополияға қарсы орган аталған жеке кәсіпкерлерге қатысты сауда-саттықтардың, конкурстардың қорытындыларын бұрмалау, оның ішінде лоттар бойынша бөлу бөлігінде тергеп-тексеру ашты.
ашық көздерден алынған фотосурет