БҚДА АЛҚАСЫ: БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ҮШІН ЗАҢНАМАЛЫҚ БАЗА ЖАСАЛЫП, ҚҰРАЛДАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

БҚДА АЛҚАСЫ: БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ҮШІН ЗАҢНАМАЛЫҚ БАЗА ЖАСАЛЫП, ҚҰРАЛДАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

      2022 жылғы 24 ақпанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өткен жылғы қызметтің қорытындылары бойынша кеңейтілген Алқа отырысын өткізді. Отырыс гибридті форматта өтті, оған ҚР БҚДА-ның барлық аумақтық бөлімшелерінің басшылары, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, Денсаулық сақтау, Энергетика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, ЕЭК, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардың, республикалық Кедергілер жөніндегі кеңестің өкілдері қатысты.

       Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы  Серік Жұманғарин өз сөзінде атап өткендей, 2020 жылдың соңы мен 2021 жылдың басындағы маңызды оқиға - Жарлыққа қол қою болды, онда бәсекелестік алғаш рет Президент, Үкімет, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметіндегі басымдық болып айқындалды.

     2021 жылғы елеулі оқиға Бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі заңның қабылдануы болды.

     Заңның негізгі жаңалықтары:

  • «негізгі қуат» доктринасын енгізу,
  • 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа «арнайы құқық» институтын енгізу,
  • нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде реттеуші нормалардың бәсекелестікке әсерін бағалауды енгізу,
  • сенім білдірілген адам институтын енгізу,
  • мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге қойылатын бәсекелестік қағидаттары мен талаптарын айқындау,
  • монополияға қарсы комплаенс институтын дамыту,
  • монополияға қарсы органның сұратуы бойынша ақпарат беру мерзімін ұзарту мүмкіндігі,
  • монополияға қарсы заңнаманың кейбір бұзушылықтарының анықтамалары қайта қаралды.

       Жаңа заңға сәйкес әлеуетті бәсекелестер арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттер енді деңгейлес болып табылады, бұл мемлекеттік сатып алуда картельдерді дәлелдеуді жеңілдетеді.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасын одан әрі үйлестіру мақсатында жосықсыз бәсекелестік ұғымы түзетілді.

     Агенттіктің қысқа мерзімді перспективадағы басым міндеті Мемлекет басшысының осы жылдың басында БҚДА-ға берген тапсырмаларын іске асыру болып табылады.

     Берілген бірқатар маңызды тапсырмалар бойынша Агенттік сұйытылған газ нарығындағы тергеп-тексеру, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның сатып алу тәртібін қайта қарау, жекеше операторлардың қызметін, кірме жолдар операторларының қызметін шектеу бойынша Мемлекет басшысының атына ақпарат енгізді.

Қазіргі кезде Агенттік:

         - монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту, фаворитизмнен қорғау тұрғысынан монополиялық нарықтарға;

        - оның ішінде олардың сабақтас тауар нарықтарына әсерін, экономикалық тиімділігін және монополиялық шығындардың болуын бағалау, делдалдық тізбектерді жою мақсатында монополиялық топтарға;

      - мемлекеттік және жекеше операторларға, жасанды түрде құрылған монополияларға одан әрі жұмыс істеуінің орындылығы тұрғысынан кешенді талдау жүргізіп жатыр.

Алқаның толық жазбасы осы жерде орналасқан

https://youtu.be/ALzMbX1m4K8