БҚДА: МОНОПОЛИЯСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ

БҚДА: МОНОПОЛИЯСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ

Мемлекет басшысының монополиялар мен ел нарығына кірудегі жасанды тосқауылдардан барынша арылу туралы тапсырмасын орындау үшін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополиялық нарықтар мен монополиялық топтарға оларды монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту тұрғысынан егжей-тегжейлі талдау жүргізеді. Талдау периметрінде -монополиялық топтардың сабақтас тауар нарықтарына әсерін бағалау, олардың экономикалық тиімділігі, тұтынушыларды «қағаз» делдалдардан арылту үшін делдалдық тізбектерді жою.

 Бәсекелестікті дамыту жөніндегі жаңа заң нарықтарды монополиясыздандыру бойынша үдемелі жұмыс үшін заңнамалық база мен бірыңғай операторларға, экономикадағы мемлекеттің үстемдік етуіне қарсы күрес тетіктерін қамтамасыз етті. Күтілетін нәтиже - шағын және орта бизнеске инфрақұрылым объектілеріне, теңіз порттарына, шикізатқа, «соңғы миля» деп аталатын кәбілдік кәрізге қолжетімділік беру.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның сатып алуды өткізу тәртібін қайта қарау, жекеше операторлардың қызметін, кірме жолдар операторларының қызметін шектеу, жекешелендіру бойынша ұсыныстарды әзірлеп, Мемлекет басшысының қарауына енгізді. Таяу уақытта Үкіметпен бірлесіп мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ, электр энергетикасы, көлік, байланыс, құрылыс және телекоммуникациялар нарықтарын монополиясыздандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Біздің мамандар бизнес қауымдастықпен және тұтынушылармен әрқашан байланыста болады.

ашық көздерден алынған фотосурет