БҚДА: ҚАЗАҚСТАН НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ АХУАЛДЫ БАҚЫЛАУ

БҚДА: ҚАЗАҚСТАН НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ АХУАЛДЫ БАҚЫЛАУ

Көрші елдердегі төтенше оқиғалар кезінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстанның негізгі нарықтарындағы - әлеуметтік маңызы бар өнімдер, жанар-жағармай, газ, көмір, дәрілік заттар, құрылыс материалдары және бағаның қатты құбылмалылығына ұшыраған басқа да ахуалды мұқият қадағалап отырады.

Агенттік бизнесті дүрлігуге жол бермеуге шақырады және бағаны белгілеу және ұстап тұру (бағалық сөз байласу), тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу, сондай-ақ тауарға жасанды тапшылық жасау бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы бойынша сараланатынын, монополиялық кіріс тәркiлене отырып, монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған түсiмнiң - 3%-ы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 5%-ы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді.

ашық көздерден алынған фотосурет