«Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 39-2) тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Барлық мүдделі тараптарды бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен «Ашық НҚА» порталында сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14011749 немесе Агенттіктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/273169?lang=kk
Бұйрық жобасына ескертулер мен ұсыныстар электрондық мекен-жайға қабылданады sy.abdikarim@azrk.gov.kz