
2022 жылғы 24 ақпанда ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин «Еуразиялық экономикалық комиссияның 2014 жылғы 12 қарашадағы Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Ратификацияланатын хаттама редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізу арқылы Құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімнің мәтінін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған.
Аталған заң жобасын Сенат қабылдап, және Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға жіберілді.