
Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департамент 2021 жылдың қазан айында басталған «Тараз қант зауыты» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы біз осында айтқан болатынбыз.
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/271595?lang=ru
Жүргізілген тергеп-тексеру шеңберінде Департамент «Тараз қант зауыты» ЖШС-нің әрекеттерінен өзінің үстем жағдайын теріс пайдалана отырып, объективті түрде дәлелді себептерсіз нарық субъектілерімен мәні бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды қолданғанын анықтады. Нәтижесінде бұл баға кемсітушілігіне алып келді.
«Тараз қант зауыты» ЖШС-нің әрекеттерінде қылмыстық жазаланатын әрекетті анықтау үшін тергеп-тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына беру туралы шешім қабылданды.
Нарық субъектісінің әрекеттерінде ҚР «Қылмыстық кодексіне» сәйкес, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет болмаған жағдайда, Департамент ҚР «Кәсіпкерлік Кодексі» нормаларын бұзушылықтарды тоқтату туралы нұсқама енгізе отырып, әкімшілік іс қозғайды.