
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Мектепке дейінгі білім беру (тәрбиелеу) қызметтерінің нарығына талдау жүргізді, оның шеңберінде Түркістан қаласының «Адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ қаржыландыруды жеке және мемлекеттік нарық субъектілері арасында біркелкі бөлмегені анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік нарық субъектілеріне айына бір балаға белгіленген тарифтен (2021 жылы мемлекеттік субъектілерге – 38 968 теңге, ал жеке субъектілерге – 30 797 теңге) артық бөлініп келген.
Анықталған фактілер негізінде «Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ-нің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы бойынша бірқатар тармақтарды бұзу белгілері анықталды.
Мемлекеттік мекеменің атына заңнаманы бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жіберілді.
ашық көздерден алынған фотосурет