
«Шұбаркөл Көмір» АҚ тауар биржалары арқылы өткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірдің көлемін 2022 жылғы маусымға 10-нан 20 пайызға дейін арттырады.
Жалпы көлемнің 20%-ы 647 779 мың тоннаны құрайды.
Коммуналдық-тұрмыстық көмірді сату бойынша ұсынымдар (секциялық қағидалар) шеңберіндегі кезекті сауда-саттық 2022 жылғы 21-25 ақпан аралығында «Астана» әмбебап тауар биржасы» АҚ алаңында өтеді.
Сауда-саттыққа 2022 жылғы мамырға екі құрал бойынша жеткізумен 24 350 тонна шығарылды:
1) SQ2NFCKzsdsQ2 (Д маркалы қатардағы көмір (0-300мм), халықтың тұрмыстық мұқтаждықтары үшін, күлділігі төмен ҚР СТ 1526-1-2016);
2) SXRNFCKzsdsQ2 (Д маркалы қатардағы көмір (0-300мм), ҚВ кіші тобы, қабатты жағуға арналған, ҚР СТ күлділігі төмен).
Сауда-саттық түрі - сауда-саттық өткізілген айдан кейінгі үшінші айда биржалық тауарды жөнелту жүзеге асырылатын спот-сауда-саттық.
ашық көздерден алынған фотосурет