ЖЕЗҚАЗҒАН СУПЕРМАРКЕТТЕРІМЕН ӘМАТ-ҚА САУДА ҮСТЕМЕСІН ТӨМЕНДЕТУ ТУРАЛЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНСКЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ЖЕЗҚАЗҒАН СУПЕРМАРКЕТТЕРІМЕН ӘМАТ-ҚА САУДА ҮСТЕМЕСІН ТӨМЕНДЕТУ ТУРАЛЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНСКЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру мақсатында Open Space ашық алаңында  Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімі және сауда жүйелерінің қатысуымен онлайн кездесу өткізілді.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша «Самади» (ЖК Тулеуов), «Самаз» (ЖК Ескеров) және «Organic» (ЖК Бегулинова) супермаркеттер желілерімен монополияға қарсы комплаенс актілеріне қол қойылды.

Комплаенс шеңберінде сауда желілері заңнамада рұқсат етілген 15%-дан 10% - ға дейін бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің сауда үстеме бағасын төмендету, ӘМАТ жеткізушілеріне тауарды жеткізу сәтінен бастап 30 күннен кешіктірмей бергені үшін төлем жүргізу туралы ерікті міндеттемелер алды.
         

Сурет ашық көздерден алынды