
«Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді (2022 жылғы 3 қаңтар № 101 - VII).
Бұйрықтың жобасы монополияға қарсы органның келісімінсіз жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтау бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы сақтау тұрғысынан квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
Барлық мүдделі тараптарды бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен «Ашық НҚА» порталында сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13998497
немесе Агенттіктің сайтында
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/266495?lang=kk Бұйрық жобасына ескертулер мен ұсыныстар zh.khassenova@azrk.gov.kz электрондық мекен-жайға қабылданады.
Сурет ашық көздерден алынды