КЕДЕРГІЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҚТӨБЕДЕГІ ДОМОФОН ҚЫЗМЕТТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕДЕРГІЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҚТӨБЕДЕГІ ДОМОФОН ҚЫЗМЕТТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы департаменті домофон компаниялары, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өкілдерінің және Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелерінің қатысуымен домофон қызметтері нарығын дамыту мәселелері бойынша Кедергілер жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында домофон қызметін көрсету нарығында «Metakom Service» ЖШС, «Буляков» ЖК, «Агишев» ЖК сияқты компаниялар бар. Бұл нарықтағы жетекші орынды әлі де «Цифрал СБ» ЖШС, «Цифрал СЦ» ЖШС, «Цифрал ЦТО» ЖШС, «Ахметжанова А» ЖК (Факториал) алады.

Халық арасында домофондарға қызмет көрсету үшін абоненттік төлем мәселесі өзекті болып қала береді. Оған ақша төлеген үй тұрғындары көрсетілген қызметтің нәтижесін көрмей отыр. Олар ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары туралы хабардар емес, осыған байланысты абоненттер арасында сенімсіздік күшейіп отыр. Осыны ескере отырып, Кедергілер жөніндегі кеңес отырысында басқалармен қатар жөндеу  - қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және олар туралы халықты ақпараттандыру мәселелері талқыланды.

Кедергілер жөніндегі кеңестің қортытындысы бойынша домофон компанияларының өкілдеріне үйдің әрбір кіреберісінде тұрғындарға жүргізілген жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының нәтижелері туралы ақпарат орналастырылған белгілер орнату ұсынылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға домофон компанияларының тұрғындармен келісім – шартты бұзуына жол бермеу мәселелері және домофон компаниялары арасындағы жосықсыз бәсекелестік фактілері және бәсекелестікті қорғау саласындағы басқа да бұзушылықтар бойынша монополияға қарсы департаментке жүгіну мүмкіндігі туралы түсіндірілді.

Монополияға қарсы департамент тұтынушы әрқашан өызмет көрсететін компанияны өз бетінше таңдауға құқылы екенін еске салды.

 

Сурет ашық көздерден алынды