
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өндірістің негізгі факторлары - жер, электр энергиясы, инфрақұрылым, шикізат, темір жол тұйықтары, разъездер мен эстакадалар, кабельдік кәріз, талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) , теңіз порттарына бизнестің қол жеткізу шарттарына талдау жүргізуде.
Өз аймақтарында инфрақұрылым мен ресурстарға қол жеткізуде шектеулерге немесе әділетсіз шарттарға тап болған барлық кәсіпкерлерді төменде көрсетілген байланыс нөмірлері бойынша Агенттікке немесе оның аумақтық бөлімшелеріне хабарлауға немесе осы посттың астына хабарлама қалдыруға шақырамыз. Біз бірге бизнестің қажетті ресурстарға жедел, тең қол жеткізуі үшін тариф белгілеудің жаңа талаптары мен тетіктерін әзірлейміз.