
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жеке монополиялық операторлардың экономикалық функцияларды жүзеге асыруға заңнамалық түрде тыйым салуды белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірледі.
Ұсыныстар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасның Заң жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жобасына енгізілді (әзірлеуші Ұлттық экономика министрлігі).
2022 жылғы 21 қаңтардағы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін ұсыныстарға бастамашылық жасалды.
Барлық мүдделі тұлғаларды Консультативтік құжаттың жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, мына сілтеме бойынша «Ашық НҚА» порталында танысуға болады
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13993762
Сурет ашық көздерден алынды