
Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 96-VII ҚРЗ) қабылдануына байланысты әзірленді.
Атап айтқанда, бұйрық жобасы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, оған сәйкес әкімшілік көздер уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректер жинауға арналған нысандарды бекітуге міндетті, сондай-ақ «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы № 155-IV Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына және 15-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтірілді.
Барлық мүдделі тараптарды бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13994293 сілтемесі бойынша немесе Агенттіктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/264065?lang=kk танысуға болады.
Бұйрық жобасына ескертулер мен ұсыныстар d.orazmbetov@azrk.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады.
Сурет ашық көздерден алынды