БҚО-ДА КІРПІШТІҢ КӨТЕРМЕ САТУШЫСЫНА ТҮРЛІ БАҒАНЫ ҚОЛДАНҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

БҚО-ДА КІРПІШТІҢ КӨТЕРМЕ САТУШЫСЫНА ТҮРЛІ БАҒАНЫ ҚОЛДАНҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

БҚО бойынша Монополияға қарсы департамент құрылыс материалдарын өндіру және сату нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді, талдау барысында «Батыс Қазақстан Құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ 2021 жылғы ақпанда тұтынушыларға әртүрлі бағамен силикат кірпішін сатуды жүзеге асырғаны анықталды. Бұл ретте «БҚҚМК» АҚ-ның силикат кірпішті бастапқы-көтерме сату нарығындағы үлесі 100% - ды құрайды.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тиісті тауар нарығына қол жеткізуді шектеуге, бәсекелестікті болғызбауға және жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғатын және (немесе) нарық субъектісінің немесе тұтынушылардың айқындалмаған тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) тыйым салынады. Оның ішінде –  тұтынушыларға тауарды негізсіз әр түрлі бағада сату.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған монополиялық жоғары (төмен) немесе монополиялық төмен бағаларды белгілеуді, қолдауды қоспағанда, бәсекелестік заңнаманы бұзушылық белгілерінің негізінде БҚО бойынша Монополияға қарсы департамент тергеу жүргізді, оның барысында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 159 - бабының 3-1-бөлігінде көзделген-нарық субъектілерінің өздерінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы «БҚҚМК» АҚ қызметінде бұзушылықтар анықталды.

Іс материалдары Орал қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберілді. Соттың 2022 жылғы 3 ақпандағы қаулысымен «БҚҚМК» АҚ-ға 1 169 117 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

 

Сурет ашық көздерден алынды