
Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы департамент 2019-2021 жылдың бірінші жарты жылдығы кезеңінде Ақтөбеде жүргізген ақылы медициналық қызметтер нарығын талдау нәтижелері бойынша "Әйгерім Сұлулық және денсаулық орталығы" ЖШС-нің іс-әрекеттерінде ақылы медициналық қызметтерге бағаларды белгілеу және ұстап тұру кезінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтады. "Әйгерім Сұлулық және денсаулық орталығы" ЖШС мен "Саяжан "медициналық орталығы" ЖШС 2019-2021 жылдың бірінші жарты жылдығы кезеңінде магнитті-резонансты томографияға (МРТ) және компьютерлік томографияға (КТ) бір деңгейде (барлығы 55 қызмет) баға белгілегені анықталды. Бұл ретте осы клиникалар талдау нәтижелері бойынша Ақтөбе бойынша ақылы медициналық қызметтер нарығында жиынтық үлесі 50% - дан астам үстем жағдайға ие.
Анықталған белгілердің негізінде Ақтөбе облысының Монополияға қарсы департаменті "Әйгерім Сұлулық және денсаулық орталығы" ЖШС және "Саяжан" медициналық орталығы" ЖШС Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою - бәсекелестік негізделген бағаны белгілеу жөнінде хабарлама жіберді. "Әйгерім Сұлулық және денсаулық орталығы" ЖШС хабарлама орындаған жоқ, осыған байланысты осы клиникаға қатысты тергеп-тергеу басталды.
Сурет ашық көздерден алынды