
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төлем қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді (ЕДБ бөлімшелері мен филиалдары арқылы қолма-қол ақшаны қабылдау арқылы коммуналдық қызметтер үшін төлемді жүзеге асыру).
Жүргізілген талдау шеңберінде төлем қызметтері нарығында 25 субъект, оның ішінде 23 екінші деңгейдегі банк және 2 төлем ұйымы қызметін жүзеге асыратыны анықталды.
Талдау көрсеткендей, төлем қызметтері нарығы жоғары шоғырланған. «Қазпочта» АҚ үстем жағдайға ие екені анықталды.
Төлемдер негізінен онлайн жүргізіледі, бұл ретте төлемді цифрлық платформалар арқылы жүзеге асырғаны үшін комиссия алынбайды.
«Jýsan Bank» және «FORTEBANK» қоспағанда, «Қазпочта» АҚ мен ЕДБ-де 2019 жылдан бастап 2021 жылғы 9 ай аралығындағы кезеңде коммуналдық қызметтер үшін түбіртектерді өңдеу үшін комиссия мөлшері өсімге ұшыраған жоқ.
Екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпошта»АҚ бөлімшелері мен филиалдары арқылы коммуналдық төлемдерді қабылдау бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің айтарлықтай төмендегені байқалады. 2021 жылы көрсетілген қызметтер көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге төмендеді. Бұл төлем қызметтері нарығының сандық платформалар арқылы онлайн-төлемдер жасау бағытында қарқынды дамып келе жатқандығына байланысты, олар бойынша комиссия алынбайды.
Талдаудың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады (https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/261273?lang=kk ).
Сурет ашық көздерден алынды