
2022 жылғы 27 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің Кедергілер жөніндегі кеңесінің отырысында кабельдік кәріз саласындағы кедергілер талқыланды.
Кедергiлер жөніндегі кеңес мүшесі Нұрлан Аманов 2016 жылы бекітілген Кабельдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларының нормаларына сәйкес, жалға беруші өтінішті алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге кабельдік кәрізді пайдалануға техникалық шарттар ұсынатынын атап өтті.
Техникалық шарттарды алғаннан кейін өтініш беруші телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну жөніндегі конкурстың шарттары бойынша қысқа уақыт ішінде (конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімдерге байланысты) кабельдің, байланыстың және жабдықтың монтаждау жұмыстарын жүргізуге, көбінесе - кабельдік кәріз бойынша кабель салуға тиіс. Техникалық шарттарды беруге бекітілген 30 күнтізбелік күн мерзімі жобаны іске асыру және қызмет көрсету үшін кедергі болып табылады.
Сондай-ақ, Нұрлан Аманов бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында қызмет көрсететін «Астана Innovations» АҚ мысалында кабельдік кәріз операторын құру туралы мәселені көтерді.
Айтылған ойлар мен дауыс берулерді ескере отырып, белсенді талқылау қорытындылары бойынша Кедергілер жөніндегі кеңес жалға берушінің техникалық шарттарды ұсыну мерзімдерін 10 жұмыс күніне дейін қысқарту бөлігінде кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындауды және Кедергілер картасына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберуді шешті.
Фото ашық көздерден алынды