
Бүгін, 2022 жылдың 1 ақпанында КАЗГЮУ базасында "Бәсекелестік құқық" бағдарламасы бойынша магистранттардың бірінші легін оқыту басталды. Студенттер қатарында квазимемлекеттік компаниялардың орта басшылық буынының 24 маманы және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 3 маманы бар.
Магистранттарды оқытудың "Бәсекелестік құқық" жаңа бағдарламасы Қазақстанда алғаш рет Мемлекет басшысының "Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы" Жарлығын орындау аясында құрылды.
Бәсекелестіктің тиімді іс-қимылының негіздері мен тетіктерін білетін мамандарды даярлау елде проактивті бәсекелестік саясатты енгізу үшін қажет. Бәсекелестік құқық бойынша магистратура студенттері үшін халықаралық авторлық ұжым арнайы "Бәсекелестік құқық және саясат" оқу құралын әзірледі, алғы сөзін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.
Санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерге байланысты магистратурасының алғашқы екі пәні – "Құқықтық зерттеулер әдіснамасы" және "Заңгерлер үшін практикалық ағылшын тілі" ақпан айында онлайн режимде өтеді. Әрі қарай, егер карантин шаралары жеңілдетілетін болса, сабақтар офлайн режимде өткізіледі. Қазақстандық оқытушылармен, сондай-ақ, бәсекелестік құқық саласындағы отандық сарапшылармен қатар студенттерге дәрістерді РФ, РАНХиГС СИУ "Бәсекелестік саясатты және экономиканы зерттеу орталығы" ғылыми зертханасының жетекшісі, профессор Ирина Князева жүргізетін болады. Сондай-ақ, оқу жылы барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мамандары қонақтық дәрістер оқитын болады.
Сурет ашық көздерден алынды