МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

2022 жылғы 26 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент Кедергілер жөніндегі кеңестің отырысында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың мемлекеттік сатып алуды өткізу тиімділігі тақырыбын қарастырды.

Кедергілер жөніндегі кеңес мүшесі Жұлдыз Ескенова Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының нормаларында қаржылық орнықтылық көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін әлеуетті өнім беруші қатыса алатын сатып алу үшін шекті мәндер көзделгенін атап өтті:

* тауарлар бойынша, егер лоттың бөлінген сомасы төрт мың еселенген (4 000) АЕК мөлшерінен асатын болса;

* жұмыстар бойынша, егер лоттың бөлінген сомасы жиырма мың еселенген (20 000) АЕК мөлшерінен асатын болса,

* қызметтер бойынша, егер лоттың бөлінген сомасы АЕК-тің сегіз мың еселенген (8 000) мөлшерінен асатын болса.

Бұл ретте, әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылық көрсеткіші Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын, салықтар мен әлеуетті өнім берушінің еңбекақы төлеу қорына төленген кірістер бойынша көрсеткіштер жиынтығы ретінде айқындалады.

Осы көрсеткіштерден басқа, Қағидалар нормалары әлеуетті өнім берушілерге қаржылық орнықтылық ескерілуі мүмкін кезеңді – өткен жылдың алдындағы 3 жылды көрсетеді.

Әлеуетті жеткізушінің табысы, төлеген салықтары, жалақы және негізгі құралдарына қарамастан, ол барлық сатып алуларға шекті мәндерсіз толық қол жеткізу үшін үш жылдан астам уақыт жұмыс істеуі керек.

 Бұл шектеулер, Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелерінің пікірінше, сатып алуға қатысушылардың шеңберін айтарлықтай тарылтады. Көбіне бұл нарықта үш жыл жұмыс істемеген шағын және орта бизнестің жаңа бастаған кәсіпкерлерге қатысты.

Көрсеткіштерді есепке алу мерзімдерін қысқарту, сондай - ақ лоттардың шекті сомаларын ұлғайту, заңнаманың қалған талаптарына сәйкес келетін ісін жаңа бастаған ШОБ субъектілеріне неғұрлым қысқа мерзімде мемлекеттік сатып алуға толық қол жеткізуге, ал өз көрсеткіштеріне қол жеткізбеген нарық субъектілері үшін - қазіргі заманғы нарықтың сұраныстарына сәйкес неғұрлым нақты сомалармен сатып алуға қатысуға мүмкіндік береді.

Талқылау қорытындысы бойынша Қарағанды монополияға қарсы департаментінің Кедергілер жөніндегі кеңесі Кедергілер картасына енгізу үшін мемлекеттік сатып алу қағидаларына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігі туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберу туралы шешім қабылдады.

 

Сурет ашық көздерден алынды