ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА АВТОГАЗДЫҢ ШЕКТІ БАҒАСЫ САҚТАЛМАҒАН

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА АВТОГАЗДЫҢ ШЕКТІ БАҒАСЫ САҚТАЛМАҒАН

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап Қарағанды облысының географиялық шекараларында автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағасы литріне 70 теңге, шалғай аудандар үшін (облыс орталығынан 200 км – ден астам) литріне 75 теңге мөлшерінде белгіленді.

Облыс орталығынан 187 км қашықтықта орналасқан Қарағанды облысы Нұра ауданының Нұра кентінде «ГАЗOIL» газ шаруашылығы басқармасы ЖШС және "Газ Тайм" ЖШС автогазды 75 теңгеден сатып, автогазды бөлшек саудада өткізуге белгіленген шекті бағасын сақтамаған.

Анықталған фактілер негізінде Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы орган "ГАЗOIL" газ шаруашылығы басқармасы ЖШС және "Газ Тайм" ЖШС қатысты автогазды сату кезінде шекті бөлшек сауда бағаларын сақтау туралы нұсқама шығарды.

 

Сурет ашық көздерден алынды