МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТЕКСЕРУГЕ МОРАТОРИЙДІ АЛЫП ТАСТАУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЖАРЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТЕКСЕРУГЕ МОРАТОРИЙДІ АЛЫП ТАСТАУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЖАРЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасында бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторий енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Президент Жарлығының жобасын дайындады.

Жоба Мемлекет басшысы 2022 жылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында айтқан әрекеттерінде картельдік келісімдердің белгілері байқалатын сатып алуға қатысушыларға тексеру жүргізуге мораторийді алып тастау туралы тапсырмасын іске асыру үшін әзірленді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өз сөзінде атап өткендей, картельдік келісімдер жасасу мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алу саласында кеңінен таралды.

Осыған байланысты, жобада егер олардың әрекеттерінде мемлекеттік сатып алуда картельдік келісімдердің белгілері байқалса, шағын және микробизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау көзделеді.

Бұл Агенттікке картельдік келісімдер жасасуға күдік туындаған кезде жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты тергеп-тексерулер ашуға және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Барлық мүдделі тараптарды Жарлық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен «Ашық НҚА» порталында мына сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13963180

не Агенттіктің сайтында мына сілтеме бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/254295?lang=kz танысуға болады

Жарлық жобасына ескертулер мен ұсыныстар m.bisemaev@azrk.gov.kz  электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.