
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары литріне 50-55 теңге шегінде белгіленді.
Бестамақ ауылының тұрғынынан түскен өтінішті қарау барысында Алға ауданының, Бестамақ ауылының сұйытылған газды бөлшек саудада өткізетін «Рахат» ЖК нарық субъектісі, газдың сату бағасын шекті бағадан жоғары литріне 75 теңге белгілегені анықталды.
Осыған байланысты, Департамент жоғарыда аталған нарық субъектінің атына бюйрық мерзімі ішінде газды белгіленген шекті 50 теңге бағадан жоғары баға бойынша сатуды тоқтату және сату кезінде шекті бағадан алдағы уақытта асып кетпеу туралы ұйғарымын жіберді.
Сурет ашық көздерден алынды