БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ "ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ" НӨМІРЛЕРІНЕ КЕЛІП ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕРДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ҮЙДІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ДҮКЕНДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ "ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ" НӨМІРЛЕРІНЕ КЕЛІП ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕРДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ҮЙДІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ДҮКЕНДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

2022 жылдың 8-14 қаңтары аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, автагаз, бензин, дизель отыны, такси қызметтері мен агрегаторлары бағасының өсуі бойынша шағымдарды қабылдайтын "жедел желі" телефондары арқылы азаматтардан 1800 өтініш қабылданды.

Қоңыраулардың 50%-ы Алматы тұрғындарынан, 30%-ы Нұр – Сұлтан қаласынан, ал 20% - ы басқа өңірлерден келіп түсті. 

Шағымдардың негізгі сипаты - азық-түлік бағасының күрт және негізсіз өсуі, көбіне үйдің жанындағы дүкендерде. Сатушылардың теріс пиғылына қатысты шағымдар түсу жалғасуда (тауардың көрсетілген құны чектердегі бағаларға сәйкес келмейді). Үш шағым азық-түлік өнімдерін өндірушілердің (Алматы облысы, Алматы) бағаны көтеруіне және өнімді өткізу шарттарын тықпалау фактілері тіркелді. Сондай-ақ, баллон мен тауар газы, бензин, көмір бағасының көтерілуіне және бензин, газ бөлшек саудасы бағасының түспеуіне (Нұр-сұлтан, ШҚО, Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстары) қатысты шағымдар келіп түсуде. 

Келіп түскен барлық шағымдар қажетті шаралар қабылдау үшін мұқият зерттеледі. Монополияға қарсы орган өз құзыреті шеңберінде такси қызметтері, автогаздың шекті бағалары, ірі сауда желілері мен өндірушілердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағаларының көтерілуіне қатысты  келіп түскен шағымдарды пысықтайды.

Үйдің жанындағы дүкендерде азық-түлік өнімдерінің бағасының көтерілуі бойынша келіп түскен шағымдар жергілікті атқарушы органдарға, бензин мен дизель отыны бойынша шағымдар ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне беріледі. Агенттіктің құзыретіне жатпайтын басқа да шағымдар өкілетті органдарға жіберіледі.

 

Сурет ашық көздерден алынды