
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы өңірінің АГҚС-да автокөліктерге жанармай құйылатын сұйытылған мұнай газын сатумен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен онлайн-кеңес өткізді.
Департамент басшысы жиналысқа қатысушыларды бұған дейін Департаментпен кәсіпорындардың мекен-жайына жолданған, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» бұйырығының талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Бұдан бөлек, Департамент автогаздың шекті бөлшек сауда бағасын көтерген «Тавиди» ЖШС-не қатысты заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды.
Алматы облысында автогазға шекті бөлшек сауда бағасы 1 литр үшін 70 теңгені, облыстан шалғай аудандар үшін 1 литрі 75 теңгені құрайды.
Сурет ашық көздерден алынды