Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясымен бірлесіп, Қазақстанда сұйытылған мұнай газына шекті бағаны енгізу жағдайын тұрақтандыру бойынша жұмыс атқарып жатыр.
Сұйытылған мұнай газын көтерме жеткiзушiлерден бұйрық қабылданға дейін қолданылған бағада сатып алған кәсіпкерлердің шығынға түсу қаупiн ескерту үшін СМГ өндірушiлерiне көтерме бағаны төмендету мақсатында осыған дейін жасалған келісімшарттарды қайта қарау қажеттiлiгi туралы ресми түрде хабарланды.
Өз кезегінде БҚДА кәсіпкерлерді сұйытылған мұнай газын мемлекет бекіткен бағада сату талаптарын сақтауға және газды толық көлемде шектеусiз сату шарттарын бұлжытпай орындауға шақырады.