ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНЫҢ БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНЫҢ БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕДІ

2021 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Open Space» форматында Жамбыл облысы бойынша сұйытылған мұнай газын өткізу жөніндегі нарық субъектілері өкілдерінің қатысуымен «Сұйытылған мұнай газын өткізу нарығында Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу» тақырыбында бейнеконференция өткізді.

Бейнеконференцияда бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының нормаларын бұзуға жол бермеу мәселелері талқыланды.

«Open Space» қорытындысы бойынша нарық субъектілеріне биржадағы бағаның төмендеуі себебінен тұрғындар үшін сұйытылған мұнай газының бағасын төмендету ұсынылды.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша сұйытылған мұнай газын өткізетін нарық субъектілері газ бағасын орташа есеппен 1 литріне 120 теңгеден 100 теңгеге дейін төмендетті.

 

Сурет ашық көздерден алынды