ЕЛОРДАДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН ЖЕТКІЗУШІЛЕР САУДА ҮСТЕМЕСІН КӨТЕРГЕНІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

ЕЛОРДАДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН ЖЕТКІЗУШІЛЕР САУДА ҮСТЕМЕСІН КӨТЕРГЕНІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында, ӘМАТ жеткізу тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді.

Департаментпен жүргізілген талдаулар барысында кейбір азық-түлік тауарларына өнім берушінің босату бағасынан шекті сауда үстеме мөлшерінің он бес пайызынан асыру анықталған.

Нұр-Сұлтан қаласында 300-ден астам контрагентке тауық етін жеткізетін «Курочка Ряба» ЖШС «Capital Project Ltd» ЖШС-нің жалғыз дистрибьюторы болып түрып, үстеме бағаны 40% - дан астам етіп белгілеген. (заңмен белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшері 15 %).             

Осылайша, Департамент құзыреті бойынша әкімдікке хат жолдап, өз кезегінде әкімдік «Курочка Ряба» ЖШС қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды.

Айта кету керек, бұған дейін Департамент «ВОРОБЬЕВ А.А.» ЖК-дің тауық жұмыртқасына (I кат) шекті үстемеақының 60%-ға дейін арттырғанын анықтап, кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

АНЫҚТАМА:

Заңның 8-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 204-4 – бабына сәйкес ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.