
Х.А. Яссауи атындағы ХҚТУ мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті монополияға қарсы комплаенске қол қойды, оған сәйкес университеттің студент үйлерінде тұру құны жылына 1 төсек-орын үшін ең жоғары баға 100 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін төмендетілді.
Мұндай нәтижеге Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы департаменті 2018 жыл мен 2021 жылдың І жарты жылдығы аралығында Түркістан бойынша жоғары білім беру қызметтері нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне жүргізілген талдау және бағалау нәтижелерінде қол жеткізілді. Талдау барысында Департамент Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) 6 студенттер үйін (жатақхананы) басқаратынын, оның 4 - і Түркістанда, Шымкент пен Кентау қалаларында бір-біреуден орналасқанын анықтады. Сонымен қатар, 2021 жылы ХҚТУ студенттер үйлерінде тұру бағасын санатына қарай екі және одан да көп есеге арттырды. Мысалы, Түркістан қаласында бірінші курс студенттері үшін ауданы 15 шаршы метр бөлменің бұрынғы құны 30 мың теңге болса, 2021 жылдың 25 тамызынан бастап бағасы жылына 100 000 теңгеге дейін, ал Шымкентте интернатура студенттері үшін 35 000 теңгеден 75 000 теңгеге дейін, резидентура үшін 56 000 теңгеден 100 000 теңгеге дейін өсті. Бұл мәселе, нарық субъектілері қатысқан өңірлік Кедергілер жөніндегі кеңестің отырысында жатақханаларда жүргізілетін жөндеу жұмыстары тұру құнының қымбаттауына негізгі себеп екені айтылды.
Студенттер үшін тұру құнының едәуір өсуін ескере отырып, Монополияға қарсы департамент ХҚТУ-дің студенттер үйлерінде тұру құнын төмендету мүмкіндігін қарастыруды және монополияға қарсы комплаенсқа қол қоюды ұсынды. Нәтижесінде тараптар комплаенсқа қол қойды, осыған сәйкес 2022 жылдан бастап ХҚТУ жатақханаларында ең жоғары тұру құны 1 төсек-орын үшін 70 000 теңгеден аспайтын болады. Өз тарапынан Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы департамент бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуы тұрғысынан бағаларға мониторинг жүргізетін болады.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2021 жылға арналған инфляцияға қарсы ден қою шаралары жөніндегі Жол картасын орындау шеңберінде Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы департамент білім беру нарығына талдау жүргізді.