
Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департаменті «Жамбыл облыстық цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-ге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін, атап айтқанда, түрлі тұтынушыларға цементті өткізу кезінде мәні бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды қолданғаны үшін тергеп-тексеру тағайындады. «Жамбыл облыстық цемент өндірістік компаниясы» ЖШС аймақтағы ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылады, республика бойынша цементті сатумен айналысады.
Осы жылдың маусым айында департамент «Жамбыл облыстық цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-ге қатысты хабарлама шығарды. Алайда, кейіннен талдау барысында компанияның тауарды сату кезінде әртүрлі бағаларды қолдануды қайталағаны анықталды.
Тергеп-тексеруді тағайындауға монополияға қарсы орган хабарлама шығарған күннен бастап бір жыл ішінде «Жамбыл облыстық цемент өндірістік компаниясы» ЖШС тарапынан осындай бұзушылықтың қайталанғаны негіз болды.
Сурет ашық көздерден алынды