
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестің кезекті отырысында лифтілерге техникалық қызмет көрсету нарығының өзекті мәселелері қаралды.
«Элит Успеха» ЖШС директорының орынбасары Евгений Коваленконың ақпараты бойынша 2007 жылдан бастап коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдар «Лифттер, эскалаторлар және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған көтергіштер. Жеткізуге, монтаждауға және пайдалануға қойылатын талаптар» ҚР СТ 3305-2018 Ұлттық стандартының талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкес болуы тиіс.
Осы қызметтерді көрсетуге құқығы бар құжаттар:
- «Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» РММ беретін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат;
- «Қауіпті техникалық құрылғылар және оларға қызмет көрсету жөніндегі инспекция органы» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) беретін ұйымның ҚР СТ 3305-2018 Ұлттық стандартында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы куәлік.
Евгений Коваленконың айтуынша, бұл екі құжат бір-бірін толық көлемде қайталайды.
Бұдан басқа, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылы Коммуналдық қызмет көрсетудің үлгілік қағидаларын бекітті.
Павлодар облысы бойынша лифтілерге техникалық қызмет көрсету тәртібі айқындалуға тиіс коммуналдық қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларын жергілікті атқарушы органдар елді мекеннің табиғи, климаттық, геологиялық, гидрогеологиялық және сейсмикалық факторларын ескере отырып, үлгілік қағидалар негізінде әзірлейді. Бірақ Павлодар облысында бұл Үлгілік қағидалар бекітілмеген.
Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін тәуекелдермен ұштасатын, белгіленген мәселенің жүйелі сипатын ескере отырып, Павлодар облысы бойынша кедергілер жөніндегі кеңестің мүшелері Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің атына осы нарықта бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін рәсімдерді оңайлату бойынша бірқатар ұсыныстарды жіберу үшін БҚДА-ға жүгінуге шешім қабылдады. Сондай-ақ, БҚДА Павлодар облысы бойынша департаменті тарапынан жергілікті атқарушы органға лифтілерге техникалық қызмет көрсету саласында коммуналдық қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы хат жолдау туралы шешім қабылданды.
ашық көздерден алынған сурет