СЕНАТ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАРАДЫ

СЕНАТ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАРАДЫ

2021 жылы 23 желтоқсанда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында әзірленді. Ол нарық субъектілері үшін тең жағдайлар жасауға және бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдарды алып тастауға бағытталған.

Талқылау барысында сенаторлар жалпы заң жобасының негізгі нормаларын қолдап, квазимемлекеттік сектор субъектілерін құру және олардың қызметін кеңейту кезінде Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының келісімін алу жөніндегі талапты алып тастау туралы түзету енгізді.

Осыған байланысты, отырыста заң жобасын Парламент Мәжілісіне қайтару туралы шешім қабылданды.