
2021 жылғы 21 желтоқсанда Мұрат Түзелбекұлы Ешенқұлов Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Мұрат Ешенқұлов 1980 жылы 9 шілдеде Шымкентте дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарында бастап, 2009 жылға дейін қызмет атқарған. 2009-2014 жылдар аралығында қаржы полициясында, кейін жеке секторда жұмыс істеген («БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі, «Проблемалық несиелер қоры» АҚ қауіпсіздік басқармасының бастығы).
Жалпы еңбек өтілі 20 жыл. 2010 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.