ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨМІР НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІК ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨМІР НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІК ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

        Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2018 жылдан 2021 жылдың 1 жартыжылдығына дейінгі аралықтағы бөлшек көмір нарығына талдау жүргізді.

         Түркістан облысы аудандарының бөлінісінде көмірді бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жеке кәсіпкерлер "Мақамбаев" және "Жан" әрекеттерінде Түркістандағы "Д" маркалы көмірдің бағасын құстап тұру бойынша келісілген іс-қимыл белгілері анықталды.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган жеке кәсіпкер «Макамбаевқа» қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін, атап айтқанда көмір бағасын белгілеу және ұстап тұру арқылы нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдарын жою туралы  хабарлама шығарды.

         «Жан» жеке кәсіпкер Шымкент қаласында тіркелгенін ескере отырып, аталған кәсіпкерге қатысты материалдар әрі қарай хабарлама шығару үшін  Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданды.

 

Сурет ашық көздерден алынды