
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Smart», «Нұрислам» сауда желілері арасында монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісі қабылданды.
Қол қойылған құжат супермаркеттердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату нарығындағы адал бәсекелестік саясаты мен ережелерін, оның ерекшелігін, құрылымы мен ерекшеліктерін ескере отырып анықтайды және сауда үстемесін төмендетуді қарастырады.
Монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің болуы нарық субъектісі үшін қандай да бір материалдық және өзге де артықшылықтар бермейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сақтау қажеттігінен және жауапкершіліктен босатпайды, алайда оны бұзу тәуекелдерін барынша азайтады.
Сурет ашық көздерден алынды