
Атырау облысы бойынша монополияға қарсы органның жанынан құрылған тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою бойынша Кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік ақпараттық саясатты басылымдар арқылы жариялау жөніндегі қызметтерді сатып алу кезіндегі кедергілер туралы мәселе көтерілді.
Атап айтқанда, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы лоттың техникалық құжаттамасында жергілікті баспа-ақпараттық құралдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жария ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша әлеуетті жеткізушілерге мынадай талап қойылған: «Әлеуетті жеткізушілерден жергілікті халықты ақпараттандыру үшін 2 облыстық және 7 аудандық редакцияның болуы талап етіледі».
Атырау облысында аталған талапқа тек бір ғана нарық субъектісі сәйкес келуіне байланысты осы лот бойынша сатып алу соңғы жылдар бойы бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы жүзеге асырылып келді.
Кеңес мүшелерінің пікірінше, сатып алудың бұл талабы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кедергі болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына кері әсер етеді. Осыған орай, отырыс қорытындысы нәтижесінде Атырау облысы бойынша монополияға қарсы органға Ішкі саясат басқармасына қатысты монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану қажеттігі туралы ұсыныс енгізілді.
Сурет ашық көздерден алынды