БҚДА ӘКІМДІКТЕРМЕН БІРГЕ ӘМАТ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

БҚДА ӘКІМДІКТЕРМЕН БІРГЕ ӘМАТ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

2021 жылғы 14 желтоқсанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының президенті Максим Божкомен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарығында қабылданатын шаралар мәселелері бойынша кездесу өтті.   

Қауымдастық атынан Максим Божко Республиканың барлық құс фабрикаларында осы жылғы 10 желтоқсаннан бастап тауық жұмыртқасына көтерме сауда бағаларының 1 дана үшін 37 теңгеден 32-31 теңгеге (16%) төмендету басталғанын мәлімдеді. 

Бір апта шамасында бөлшек сауда бағалары біртіндеп төмендейді деп күтіледі. 

Бұрын бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган 9 құс фабрикасына қатысты 31 хабарлама (28 – өндірушілерге, 3 – көтерме саудада жеткізушілерге) шығарған болатын. 9 құс фабрикасына қатысты                                  6 тергеп-тексеру (Түркістан, Павлодар, Ақмола, СҚО, Қарағанды облыстары) тағайындалды.

Сонымен қатар, өндірушілердің бағаларды төмендеткеніне қарамастан, сауда үстемелерін 15%-дан астам арттыру бөлігінде сауда қызметі туралы заңнаманы бұзушылықтың орын алуы ықтимал. Әсіресе, мереке күндері сұраныстың артуы күтіледі.

Осыған орай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бағаларды тұрақтандыру және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау мақсатында бөлшек саудада өткізушілермен жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

 

Сурет ашық көздерден алынды