
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде қарақұмық жармасын көтерме саудада өткізудің тауар нарығына талдау жүргізді. Бұл нарықтың осал дамығаны, сондай-ақ жергілікті шикізаттың тапшылығы бар екені анықталды.
Талдау барысында "Злак плюс М" ЖШС-нің іс-әрекеттерінде түрлі бағаларды қолдануға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды. Кәсіпорынға бұл ережебұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілді.
Сурет ашық көздерден алынды