
2021 жылғы 8 желтоқсанда Парламент Мәжілісінің депутаттары бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасының негізгі бағыттары негізгі қуатқа тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеу, кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын қысқарту, мемлекеттік сатып алуда бәсекелестікті дамыту, мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, электр энергетикасы мен дәрілік заттар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ монополияға қарсы реттеу құралдарын жетілдіру болып табылады.
Жақын арада заң жобасы Парламент Сенатының қарауына жіберілетін болады.