МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС БАҒАНЫ ТӨМЕНДЕТЕДІ ЖӘНЕ АДАЛ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС БАҒАНЫ ТӨМЕНДЕТЕДІ ЖӘНЕ АДАЛ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылдың қаңтар мен 6 желтоқсан айлары аралығында 48 өндірушілермен, 43 әлеуметтік маңызы бар өнімдерді көтерме жеткізушілермен және 92 сауда желілерімен 182 монополияға қарсы комплаенс актісін жасады.

БҚДА - 4 ("Magnum Cash&Carry" ЖШС, "Скиф Трейд" ЖШС, "Анвар" ЖШС, Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы),

БҚДАД Нұр-сұлтан қ. бойынша -8,

БҚДАД Алматы қ  – 3,

БҚДАД Шымкент қ. – 6,

БҚДАД Алматы облысы - 5,

БҚДАД Шығыс Қазақстан облысы-10,

БҚДАД Маңғыстау облысы-33,

БҚДАД Жамбыл облысы -18,

БҚДАД Қостанай облысы - 8,

БҚДАД Атырау облысы - 15,

БҚДАД Ақтөбе облысы - 4,

БҚДАД Қызылорда облысы -18,

БҚДАД Ақмола облысы-7,

БҚДАД Батыс Қазақстан облысы-7,

БҚДАД Түркістан облысы-15,

БҚДАД Қарағанды облысы - 8,

БҚДАД Павлодар облысы - 4,

БҚДАД Солтүстік Қазақстан облысы-10.

Нарық субъектілері жасалған монополияға қарсы келісімдер шеңберінде  картельдерге қатысуға, бағаларды орнатуға және ұстап тұруға, белгілі бір сатушылармен немесе тапсырыс берушілермен шарт жасаудан бас тартуға жол бермеуге, нарықтың басқа субъектілері арасында бәсекелестікті шектеуге әкеп соғуы мүмкін келісімдер белгілемеу сияқты міндеттерді өз  мойындарына алды.

Қол қойылған монополияға қарсы комплаенс аясында ірі сауда желілері мен көтерме сауда жеткізушілері ("Magnum Cash@Carry" ЖШС, "Скиф трейд" ЖШС, "Анвар" ЖШС, "Прима Дистрибьюшн" ЖШС және т.б.) бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін заңнамамен рұқсат етілген 15% - дан 10% - ға дейін төмендету және ӘМАТ жеткізушілеріне тауарды жеткізілгенг сәттен бастап 30 күннен кешіктірмей төлем жүргізу туралы ерікті міндеттемелер алды.

Монополияға қарсы комплаенс – бұл бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы, яғни монополияға қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу жүйесі. Нарық субъектісінің адал бәсекелестік саясаты мен ережелерін, сондай-ақ бәсекелестік заңнамасының бұзылуын болдырмау үшін субъект өз кәсібінде қабылдайтын және енгізетін шаралар кешенін айқындайды.

Монополияға қарсы комплаенс актісі сауда желісі үшін қандай да бір материалдық және басқа да артықшылықтар бермейді және жауапкершіліктен, бәсекелестікті сақтау талаптарынан босатпайды

 

Сурет ашық көздерден алынды