
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Open Space» форматында ақылы медициналық қызметтер нарығының субъектілерімен ақылы медициналық қызметтер нарығындағы бағаны төмендету жөніндегі шараларды талқылады.
Субъектілердің негізгі проблемасы – мемлекет меншігін пайдалана отырып ақылы медициналық қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен жабдықтар, материалдарға қызмет көрсететін персоналдарға өздері инвестиция жасайтын жекеменшік медициналық мекемелер арасында тең емес жағдайдың жасалуы болып отыр. Бұл жағдайда мемлекеттік мекемелер өз қызметтерінің бағаларын жекеменшік мекемелердің бағасынан төмен етіп белгілей алады, ал жеке кәсіпорын қазіргі экономикалық жағдайда бәсекелестік үшін күресте жеңіледі.
Кәсіпкерлердің пікірінше, бар кедергілерді жою үшін мемлекеттік медициналық ұйымдардың ақылы медициналық қызметтер көрсету саласындағы қызметін реттеу, сондай-ақ жеке медициналық ұйымдардың МӘМС бағдарламасын іске асыруға қатысу проблемаларын жүйелеу және медициналық қызметтер көрсететін жеке кәсіпорындардың пікірін ескере отырып, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу қажет.
Іс-шараға қатысушылар ақылы медициналық қызметтер нарығындағы жағдаймен танысты. Субъектілерге Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының нормалары түсіндірілді.
Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.
Талқыланатын тақырыптар және жоспарланған іс – шаралар Департаменттің Instagram-дағы @dazrk_po_alm_obl, Facebook-тегі - @Талдықорған ДАЗРК парақшасында орналастырылады.
Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_al@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61
Сурет ашық көздерден алынды